Accessibility links

Брюссельде мигранттар мәселесі талқыланады


Будапештегі Келети теміржол станциясында пойызға жанталаса мініп жатқан мигранттар. Венгрия, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Будапештегі Келети теміржол станциясында пойызға жанталаса мініп жатқан мигранттар. Венгрия, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бүгін Брюссельде Еуропа Одағы елдері басшыларымен кездесіп, мигранттар дағдарысын шешу жолдарын талқылайды. Бұған дейін Будапешт Еуропа комиссиясының мигранттар дағдарысына қатысты ұстанымын әлсіз деп сынаған. Еуропа комиссиясы келесі аптада мигранттарды Еуропа Одағы елдеріне бөліп орналастыру жоспарын жариялайтынын мәлімдеген.

Ал Будапеште қыркүйектің 1-інен бері екі мыңға тарта мигрант теміржол станциясы алдында өздерін станцияға кіргізіп, батыс Еуропаға баратын пойыздарға жіберуін талап етіп тұрған екі мыңға тарта мигрантқа бүгін Венгрия билігі станцияға кіруге рұқсат етті. Бірақ Венгрия теміржол компаниясы "теміржол тасымалындағы қауіпсіздік" тұрғысында батыс Еуропа бағытына жүретін барлық халықаралық пойыздар жүрісін тоқтатқанын мәлімдеді. Венгрия билігі бұл шараларды Еуропа Одағы талаптарын орындау үшін жасап жатқанын айтады.

Мигранттардың көпшілігі бақуатты Австрия мен Германияға кеткісі келеді.

XS
SM
MD
LG