Accessibility links

Пентагон: Ауғанстандағы ИМ-нен Орталық Азияға қауіп жоқ


АҚШ қорғаныс министрінің Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Дэвид Шир. Астана, 3 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ қорғаныс министрінің Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Дэвид Шир. Астана, 3 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ қорғаныс министрінің Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша қауіпсіздік мәселесі жөніндегі көмекшісі Дэивид Шир бүгін астаналық тілшілермен кездесіп, аймақтағы қауіпсіздікке қатысты бірнеше сұраққа жауап берді.

Дэвид Ширдің айтуынша, Ирак пен Сирия аймағында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларының таралуы және бұларға өзге ел азаматтарының қосылуы алаңдататын мәселеге айналған. Ол «АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін «Ислам мемлекеті» тобы бұл елде күшейіп кетпей ме?» деген сұраққа «соған жол бермеу үшін бірігіп жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді.

–Ауғанстандағы ИМ күштерін мұқият бақылап, зерттеп отырмыз. Қазіргі таңда олар жүйелі қауіп-қатер тудырып отырған жоқ. Қауіп шектеулі. ИМ қатарында жүрген содырлар түрлі себептермен «Талибан» қатарынан кетіп қалғандар. Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерімен бірлесе жұмыс жасап, ИМ қаупінің алдын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Дэвид Шир.

Қазақстан, Қытай, Үндістанға сапарға шыққан Дэвид Шир бүгін Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, қауіпсіздік кеңесі, қорғаныс министрлігі, сыртқы істер министрлігі өкілдерімен кездескен. Ертең ол Алматыда құрылған қазақстандық бітімгершілік күштерімен таныспақ. Оның сөзінше, АҚШ Қазақстандағы бітімгершілік күштің дамуына, қорғаныс күшінің кәсіби біліктілігінің артуына мүдделі және терроризммен күресті бірігіп жетілдіргісі келеді.

XS
SM
MD
LG