Accessibility links

Ресейде белсендіні сепаратизм айыбымен соттамақ


Ресейдегі оппозицияшыл белсенді Дарья Полюдова.

Ресейдегі оппозицияшыл белсенді Дарья Полюдова.

Ресейдің Краснодар өлкесінде оппозицияшыл белсенді Дарья Полюдованың үстінен "экстремистік іс-әрекет пен сепаратизмге шақыру" айыбы бойынша сот басталды.

26 жастағы Полюдоваға айып 2014 жылдың тамызында интернеттегі жазбалары үшін тағылған. Полюдова Ресейде 2014 жылы мамырда интернеттегі пікірі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылданғаннан кейін интернет арқылы сепаратизмге үндеді деп айыпталған алғашқы азамат болып отыр.

Өткен жылдың тамызында Полюдова әлеуметтік желіде Мәскеудің Украинаны федерализациялау туралы үндеулеріне жауап ретінде "Кубаньді федерализациялау" туралы талаппен марш өткізуге шақырған.

Кубань - Солтүстік Кавказ аймағындағы құрамына Краснодар өлкесі кіретін тарихи аймақ.

XS
SM
MD
LG