Accessibility links

Орбан: Мигранттар - Германияның мәселесі


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) мен Еуропа парламенті президенті Мартин Шульц. Брюссель, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан (сол жақта) мен Еуропа парламенті президенті Мартин Шульц. Брюссель, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Венгрия премьер-миинстрі Виктор Орбан еуропалықтар Еуропа Одағы елдері басшылары "бұрын-соңды болмаған мигранттар тасқынын" бақылай алмай отырғанынан қауіптенетінін мәлімдеді.

Қыркүйектің 3-і күні Брюссельде Еуропа парламенті президенті Мартин Шульцпен кездесуден соң Орбан мигранттар дағдарысын Еуропаның емес, "Германияның мәселесі" деп атады.

"Ешкім Венгрияда қалғысы келмейді. Біздің міндетіміз мигранттарды тіркеу ғана" деді Орбан.

Бүгін Венгрия полициясы Будапештегі Келети теміржол станциясына мигранттарды кіргізе бастаған. Бірақ станциядан батыс Еуропаға жүретін пойыздар тоқтаған. Венгрия билігі 1 қыркүйекте Еуропа Одағы заңдарын орындау қажет деп, мигранттарды станциядан шығарып, Австрия, Германияға баратын пойыздарға мінуін шектеген.

XS
SM
MD
LG