Accessibility links

Киев: Ресейшіл ұйымның 4 мүшесі ұсталды


Украина қауіпсіздік қызметінің қызметкері. (Көрнекі сурет)

Украина қауіпсіздік қызметінің қызметкері. (Көрнекі сурет)

Украина қауіпсіздік қызметі Киевте көпқабатты үйді жармақ болды деген күдікпен "ресейшіл үкіметтік емес ұйымының" төрт мүшесін ұстағанын хабарлады.

Қауіпсіздік қызметінің 3 қыркүйекте хабарлауынша, төрт күдікті Киевтің Одолон ауданында жарылыс жасап, одан соң Ресей аннексиялап алған Қырымға қашпақ болған. Арнайы қызмет күдіктілер өздерін ұстамақ болғанда "қарсылық көрсетіп, граната лақтырғанын" айтады. Ұстау кезінде арнайы қызмет өкілі оқ атып, бір күдікті аяғынан жараланған.

Киев Ресейді Украинадағы тұрақтылықты шайқағысы келеді, Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көрсетеді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG