Accessibility links

Гватемала президенті отставкаға кетті


Гватемаланың отставкаға кеткен президенті Отто Перес Молина.

Гватемаланың отставкаға кеткен президенті Отто Перес Молина.

Гватемала президенті Отто Перес Молина елдегі коррупциялық жанжалға қатысты отставкаға кетті.

62 жастағы отставкадағы генерал Молина бұған дейін коррупцияға қатысы бар деп айыпталған. Құқық қорғау орындары Молина мен оның серіктерін тауар импорттаушылардан пара алып, есесіне оларды кеден салықтарын төлеуден босатқан деп ұйғарады. Бұл іс бойынша бұдан бұрын Гватемала вице-президенті, Молинаның жақын серігі Роксана Бальдетти қамауға алынған.

Үкіметтегі тағы бірнеше министр бұған дейін Молинаны қолдаудан бас тартып, отставкаға кеткен.

Гватемала парламенті кеше президентті иммунитетінен айыруды қолдаған, ал бұдан соң сот оны қамауға ордер шығарған. Молинаның өзі бұған дейін коррупциялық қылмысқа қатысы барын жоққа шығарып, отставкаға кетпейтінін мәлімдеген. Бірақ соттың ордерінен соң ол отставкаға кету туралы құжатқа қол қойды.

Молинаның баспасөз хатшысының айтуынша, президент "өзіне қарсы іске қарсы тұру үшін" отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG