Accessibility links

Қазақстан сырт алаңда Чехиядан жеңілді


Қазақстан футбол құрамасы. Көрнекі сурет

Қазақстан футбол құрамасы. Көрнекі сурет

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Пльзень қаласында Чехиямен ойнаған Қазақстан құрамасы 2-1 есебімен жеңіліп қалды. A тобындағы фавориттердің бірі саналатын Чехия бұған дейін тек топ жетекшісі Исландиядан ұтылған еді.

3 қыркүйек кешкісін өткен матчта алғашқы болып бірінші таймның 21-минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Исламханның әуелетіп берген добын баспен соғып, қорғаушы Евгений Логвиненко есеп ашты. Логвиненко бұған дейін Петр Чех қорғаған Чехия қақпасына Астанада да да екі доп соққан еді. Ол ойында Қазақстан 2-4 есебімен ұтылған.

Екінші таймда алаңға шыққан Чехия шабуылшысы Милан Шкода 74-минутта есепті теңестіріп, 86-минутта құрамасын алға шығарды. Ол екі голын да баспен соқты. Чехиялықтар матч бойы жиі шабуылдаумен болды. Қазақстан құрамасы ара-кідік қауіпті контршабуылдар ұйымдастырды. Солардың бірінде Бауыржан Жолшиев айқын мүмкіндігін пайдалана алмады.

A тобындағы тағы бір ойында Исландия сырт алаңда Нидерландты 1-0 есебімен ұтып, бірінші орында қалды. Чехия құрамасы екінші орында тұр. Қазақстан жалғыз ұпаймен - соңғы орында.

XS
SM
MD
LG