Accessibility links

Украина телерадио бизнесінен ресейліктерді шеттетпек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Украина парламенті ел территориясында Ресей азаматтарына телерадио қызметімен байланысты кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Құжатта телерадио хабарларын таратуға қатысы бар адамдар «басқыншы саналатын елдің азаматтары» болмауы керектігі жазылған. Заң жобасына сәйкес, ел аумағына ақпарат тарататын телерадиокомпания өзінің меншік иелері туралы мәліметті ресми сайтында жариялап, билік органдарына жолдаулары тиіс.

Бұған дейін Украина ел аумағында Ресей арналарын көрсетуге тыйым салған еді.

XS
SM
MD
LG