Accessibility links

Түркия ИМ мен күрд жасағына қарсы операция мерзімін ұзартты


Сириямен шекара маңында тұрған Түркия әскери танкі. (Көрнекі сурет)
Сириямен шекара маңында тұрған Түркия әскери танкі. (Көрнекі сурет)

Түркия парламенті ел әскеріне көршілес Сирия мен Ирак жерінде «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына және күрд жасақтарына қарсы әскери қимыл жүргізуге рұқсат беретін мандатты бір жылға созды.

Депутаттар кезектен тыс сессия өткізіп, 2 қазанда мандаты аяқталатын миссия жайын талқылаған.

Бұл мандат Түркия әскеріне Сирия мен Ирак территориясында ИМ күштеріне шабуыл жасауға және шетелдік әскерилердің ИМ-ге қарсы соққы беру үшін Түркия территориясын транзит аймағы ретінде пайдалануына рұқсат береді.

Шілде соңында Түркияның оңтүстігіндегі террорлық шабуылдардан кейін Анкара Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына және Ирактың солтүстігі мен Түркияның оңтүстік-шығысындағы Күрд жұмысшы партиясы күштеріне қарсы әскери операциялар бастаған.

XS
SM
MD
LG