Accessibility links

Бокстан Азия жарысы жартылай финалы өтеді


Боксшы Данияр Елеусінов (сол жақта) Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың кеңесін тыңдап отыр. (Көрнекі сурет)
Боксшы Данияр Елеусінов (сол жақта) Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың кеңесін тыңдап отыр. (Көрнекі сурет)

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін жартылай финалдық кездесулер өтеді.

Қазақстаннан жеті боксшы жартылай финалға шыққан. Бүгін түскі сессияда Олжас Сәттібаев (52 кг) қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен, Закир Сафиуллин (60 кг) жапон Дайсуке Нариматсумен, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғолиялық Тувшинбат Бямбамен кездеседі.

Сол сияқты, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ирандық Хассан Шанинимен, Иван Дычко (+91 кг) иорданиялық Хуссейн Яшаишмен рингке шығады.

Ал кешкі сессияда Қайрат Ералиев (56 кг) таиландық Чатчаи Батдимен, Василий Левит (91 кг) тәжік Джахон Курбановпен күш сынайды.

Финалдық жекпе-жектер қыркүйектің 5-і күні өтеді.

Қазақстан 2013 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында және 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бокстан жеті алтын иеленген.

XS
SM
MD
LG