Accessibility links

Қырғызстанда сайлау алдындағы үгіт басталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бүгін елдегі саяси партиялар парламент сайлауына үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Парламент сайлауы қазанның 4-іне белгіленген.

Орталық сайлау комиссиясы биылғы парламент сайлауына 14 саяси партияны тіркеген. Олардың қатарында «Ата Мекен», «Бир Бол», «Ар-Намыс», «Онугуу-Прогресс», «Азаттык», «Республика - Ата-Журт», «Аалам», СДПК, «Бутун Кыргызстан Эмгек», «Замандаш», «Улуу Кыргызстан», «Кыргызстан», «Мекен Ынтымагы» және «Қырғызстан халқы конгресі» партиясы бар.

Қырғыз парламенті сайлауын өткізуге мемлекеттік бюджеттен 224 миллион сом бөлінген. Елде 2374 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. Сайлауға 2 миллион 417 мың адамның дауыс беруге құқығы бар. Сайлау науқанында жұмыс істеуге 204 бұқаралық ақпарат құралы аккредитация алған.

XS
SM
MD
LG