Accessibility links

Оралда белсенділер митинг өткізуге өтініш берді


Азаматтық белсенділер қалалық әкімдікке өтініш беруге бара жатыр. Орал, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Азаматтық белсенділер қалалық әкімдікке өтініш беруге бара жатыр. Орал, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Орал қаласының азаматтық белсенділері бүгін қалалық әкімдікке коммуналдық қызметтер бағасының қымбаттауына қарсы митинг өткізуге өтініш берді. Өтінішті әкімдік кеңсесі тіркеуге алды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында электр қуатының қымбаттауына наразы оралдық бір топ заңгерлер, кәсіпкерлер, журналистер, блогерлер мен зейнеткерлер "Тарифтердің қымбаттауына қарсы!" деп аталатын коалиция құрған. 27 тамызда жергілікті "Батыс Энергоресурстары" компаниясы электр қуаты бағасын 26 пайызға қымбаттатқан.

Митингіні ұйымдастырушылардың бірі, журналист Лұқпан Ахмедьяровтың пікірінше, жергілікті билік түрлі желеумен митинг өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін. Ол бұлай болса белсенділер митинг өткізуге сот арқылы рұқсат алуға тырысып көретінін айтады.

Ахмедьяров митинг тақырыбы тек тарифтердің қымбаттауымен шектелмейтінін айтады. Оның айтуынша, митингіде елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар да көтеріледі.

Қазақстан заңдары бойынша, жергілікті билік митинг я акция өткізу туралы өтінішке он күн ішінде жауап беруі тиіс.

XS
SM
MD
LG