Accessibility links

ЕО басшылары мигранттар мәселесін талқылайды


Мигранттар өздерін босқындар лагеріне күштеп апармақ болған полицияға қарсылық көрсетіп жатыр. Венгрия, Будапешт, 3 қыркүйек 2015 жыл.
Мигранттар өздерін босқындар лагеріне күштеп апармақ болған полицияға қарсылық көрсетіп жатыр. Венгрия, Будапешт, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін мигранттар мәселесін талқылауға Люксембургте жиналады. Ал Вышеград тобына енетін елдердің премьер-министрлері миграция жайын Прагада өтетін төтенше саммитте талқылайды.

Қыркүйектің 3-і күні Венгрия билігі мигранттардың Будапешт теміржол станциясына кіруіне рұқсат еткенімен, кейін оларды босқындар лагеріне мәжбүрлеп жібере бастаған.

Биыл Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен 350 мыңнан астам адам Еуропаға жету үшін Жерорта теңізін шағын қайықтармен кесіп өткен.

Франция мен Германия Еуропа Одағы өзге елдерден мигранттардың белгілі бір бөлігін қабылдауын талап етуі тиіс дейді. Бірақ Вышеград тобына кіретін Чехия, Венгрия, Польша және Словакия мигранттарды бөліп алуға қарсы.

XS
SM
MD
LG