Accessibility links

ИМ Пальмирадағы ежелгі үш мұнараны қиратты


Пальмира қаласындағы содырлар қиратқан Бәл ғибадатханасының орны. Сирия, 31 тамыз 2015 жыл.

Пальмира қаласындағы содырлар қиратқан Бәл ғибадатханасының орны. Сирия, 31 тамыз 2015 жыл.

Сирияның тарихи ескерткіштер қызметі басшысы Мамун Абделкарим бүгін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Пальмира қаласындағы ежелгі үш мұнараны қиратқанын хабарлады.

Абделкаримнің айтуынша, Пальмирадағы дерек көздері содырлардың біздің заманымыздағы 44-103 жылдары аралығында салынған үш мұнараны жарып жібергенін растаған. Оның айтуынша, қираған жәдігерлер Пальмираның "ең жақсы сақталған және ең әдемі мұнаралары болған".

Пальмира қаласын мамыр айында басып алған ИМ содырлары соңғы екі аптада мұндағы ЮНЕСКО қорғауындағы Бәл Шамин мен Бәл ғибадатханаларын қиратқан.

ИМ тобы өткен жылы Сирия мен Ирактың біраз жерін басып алғаннан кейін аймақтағы христиандар мен мұсылмандардың ежелгі тарихи ескерткіштерін қиратқан.

XS
SM
MD
LG