Accessibility links

Тәжікстанда екі шабуылдан 9 адам қаза тапты


Душанбе әуежайы маңында шабуыл жасалған аймақта жұмыс істеп жатқан полицейлер. Тәжікстан, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Душанбе әуежайы маңында шабуыл жасалған аймақта жұмыс істеп жатқан полицейлер. Тәжікстан, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Тәжікстан Астанасы Душанбе түбінде жасалған екі шабуылдан тоғыз адам қаза тапты.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, 4 қыркүйек күні таңертең Душанбе халықаралық әуежайы жанында болған шабуылдан ішкі істер министрлігі арнайы жасағының (ОМОН) екі сарбазы мен бір жол полицейі қаза тапқан. Оқ тиіп жараланған тағы бір жол полицейі ауруханаға түскен.

Полиция Душанбе маңындағы әуежайға жақын ауданды қоршап, шабуыл жасады деген күдікті үш адамды әр үйді тінтіп іздеп жатыр.

Бұдан бірнеше сағат бұрын Душанбеден шығысқа қарай 20 километр қашықтықтағы Вахдат қаласында да қарулы топ полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Ішкі істер министрлігі шабуылға "Зиовиддин Абдуллоев деген адам басшылық еткенін" айтады. Министрлік өкілінің Азаттыққа айтуынша, атыс кезінде төрт полицей, Абдуллоевтың өзі мен оның бір серігі қаза тапқан. Шабуыл жасаған үш адам жараланған.

Полиция өкілдері бұл екі шабуылдың бір-бірімен байланысы жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG