Accessibility links

Путин мен Мадуро мұнай бағасы туралы сөйлесті


Венесуэла президенті Николас Мадуро (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Венесуэла президенті Николас Мадуро (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Венесуэла президенті Николас Мадуро Пекинде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына орай өткен шаралар кезінде әлемде мұнай бағасын тұрақтандыру жолдарын талқылады.

Мадуроның мәлімдеуінше, келіссөз нәтижесінде тараптар мұнай бағасының арзандауын болдырмау шараларын жасауға уағдаласқан. Бірақ ол нақты қандай шаралар қабылданатыны туралы айтудан бас тартқан. "Ол шаралар іске асқан кезде белгілі болады" деп хабарлады Мадуроның сөзіне сілтеме жасаған Венесуэланың AVN агенттігі. Ресей билігіндегі жоғары шенді шенеуніктің Reuters агенттігіне айтуынша, президенттер кездесуінен нақты бірнәрсе шығады деу қиын.

Ресей мен Батыс жартышардағы мұнай қоры ең көп Венесуэланың экономикасы мұнайдан түсетін кіріске тікелей бағынышты. Өткен жылы мұнай бағасы АҚШ-та мұнай қоры артып, ОПЕК пен бірнеше ірі мұнай өндіруші елдер өндіріс көлемін азайтудан бас тартқан соң бір барреліне 50 долларға дейін арзандаған.

XS
SM
MD
LG