Accessibility links

Үкімет АИ-92 бензині бағасын реттемейді


Жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет)

Жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан үкіметі АИ-92/93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттемейтін болды.

Бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Үкімет ішкі нарықта тапшылық тумауы үшін АИ-92/93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеу саясатынан бас тартты" деп мәлімдеді. Жиынға қатысқан энергетика министрі Владимир Школьник АИ-92/93 маркалы бензин бағасының нақты қаншаға қымбаттайтынын ешкім айта білмейтінін, бірақ бір литрі үшін 142-143 теңге болуы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін үкімет жанармай бағасының шектік мөлшерін белгілеп келген. Үкіметтің соңғы рет мамыр айында АИ-92/93 маркалы бензин бағасын бір литрі үшін 108 теңге, дизель отыны бағасын 99 теңге, АИ-80 маркалы бензинінің бағасын 89 теңге деп бекіткен.

XS
SM
MD
LG