Accessibility links

Душанбеде атыстан өлгендер саны 10-ға жетті


Шабуыл жасалған полиция бөлімінің маңы. Вахдат, 4 қыркүйек 2015 жыл.
Шабуыл жасалған полиция бөлімінің маңы. Вахдат, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Душанбе түбінде болған шабуылдардан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы.

Бұған дейін 4 қыркүйек күні таңертең Душанбе халықаралық әуежайы жанында болған шабуылдан ішкі істер министрлігі арнайы жасағының (ОМОН) екі сарбазы мен бір жол полицейі қаза тапқаны хабарланған. Оқ тиіп жараланған тағы бір жол полицейі ауруханаға түскен.

Полиция Душанбе маңындағы әуежайға жақын ауданды қоршап, шабуыл жасады деген күдікті үш адамды әр үйді тінтіп іздеп жатыр.

Бұл шабуылдан бірер сағат бұрын Душанбеден шығысқа қарай 20 километр қашықтықтағы Вахдат қаласында да қарулы топ полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Ішкі істер министрлігі шабуылға "Зиовиддин Абдуллоев деген адам басшылық еткенін" айтады. Министрлік өкілінің Азаттыққа айтуынша, атыс кезінде бес полицей, Абдуллоевтың өзі мен оның бір серігі қаза тапқан. Шабуыл жасаған үш адам жараланған. Бұдан сәл бұрын бұл шабуылда төрт полицей қаза тапқаны хабарланған.

Полиция бұл екі шабуылдың бір-бірімен байланысы жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG