Accessibility links

Түркістанда әйел өзін-өзі өртеп ауруханаға түсті


Түркістан қаласы. (Көрнекі сурет)

Түркістан қаласы. (Көрнекі сурет)

Түркістан қаласындағы №8 орта мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін әйел мектеп ауласында өө-өзін өртеді деп хабарлады Азаттық тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Тұсабек Жарқынбеков.

Бас маманның айтуынша, бүгін таңғы сағат 11:20-да Түркістан қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне өзін-өзі өртеп, күйік шалған 1959 жылы туған әйел түскен. Жарқынбеков өзін-өзі өртеуге "сол мектепте зертханашы болып жұмыс істейтін өзге бір әйелдің еден жуушы әйелдің атынан банктен несие алуы себеп болғанын" айтады.

Жарқынбеков "Өзін-өзі өртеген әйел осыдан 3 күн бұрын мектептегі кәсіподақ мүшелеріне зертханашы үш күнде несиені өтемесе өзін-өзі өртейтінін ескерткен" дейді. Көрген мұғалімдер отты өшіріп, әйелді ауруханаға жеткізген.

«Қазір зертханашының үстінен қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» дейді Жарқынбеков.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG