Accessibility links

Тәжікстан қорғаныс вице-министрі қызметінен босады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбе маңында болған шабуылдардан соң қорғаныс министрінің орынбасары Абдухаким Назарзоданы қызметінен босатты.

Президенттің ресми сайтында жарияланған бұйрықта Назарзоданың қызметінен тек "қылмыс жасап" босағанынан басқа ақпарат ақпарат жоқ.

Бүгін таңертең Душанбе халықаралық әуежайы маңында полиция арнайы жасағына қарулы топ шабуыл жасап, жасақтың екі сарбазы мен бір жол полицейі қаза тапқан. Мұның алдында Душанбеден 20 километр қашықтықтағы Вахдат қаласында полиция бөліміне шабуыл жасалған. Шабуылдан бес полицей оққа ұшып, "шабуылды ұйымдастырған" Зиовиддин Абдуллоев және оның бір серігі оққа ұшқан.

XS
SM
MD
LG