Accessibility links

Алты қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалында


Қазақстандық боксшы Иван Дычко (Көрнекі сурет).
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (Көрнекі сурет).

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында алты қазақстандық боксшы финалға шықты.

Олжас Сәттібаев (52 кг) қырғызстандық Азат Үсенәлиевты, Закир Сафиуллин (60 кг) жапон Дайсуке Нариматсуны, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғолиялық Тувшинбат Бямбаны, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ирандық Хассан Шаниниді, Василий Левит (91 кг) тәжік Джахон Курбановды, Иван Дычко (+91 кг) иорданиялық Хуссейн Яшаишты жеңді. Барлық кездесуде де үш төреші жеңісті қазақстандық боксшыларға берген.

Ал Қайрат Ералиев (56 кг) таиландық Чатчаи Батдиден жеңіліп, қола медаль иеленді.

Финалдық жекпе-жектер қыркүйектің 5-і күні өтеді. Қазақстан 2013 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында және 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бокстан жеті алтын иеленген.

XS
SM
MD
LG