Accessibility links

Қарағанды облысында азаптау ісіне қатысты куәгер сотталды


Николай Синявин. Қыркүйек, 2014 жыл. Сурет отбасылық архивтен алынды.

Николай Синявин. Қыркүйек, 2014 жыл. Сурет отбасылық архивтен алынды.

Қарағандының Нұра аудандық соты Ахмет ауылының тұрғыны, "азаптаудан кейін мүгедек болып қалған" Николай Синявиннің ісі бойынша сотта куәлік еткен Айтпек Серіковті бес жылға шартты мерзімге соттады.

- Кеше сот Серіковті "көпе-көрінеу жалған куәлік берді" деп айыптап, шартты түрде бес жылға соттады, - деді хабарлады Азаттыққа аудандық сот өкілі.

Бұған дейін Серіков тергеу кезіндегі алғашқы куәлігінде полиция қызметкерлерінің Синявинді үйінен қалай алып кетіп, тінтігенін және көлікпен қалай әкеткенін көргенін айтқан. Кейін ол бұл сөзінен айнып, Синявиннің анасы Любовь Битнер өзін полицейлерге жала жабуды сұрады деген. Сот барысында судья Серіковтен не себепті алғашқы жауабынан айнығанын сұрап, Серіков "полицейлермен байланысқысы келмейтінін" айтқан.

Кейін прокурорлар Серіковті жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Кеше Серіков өзінің алғаш берген жауабын "дұрыс" деген. Қазір азаптау ісі бойынша куәгер болған тағы бір адамды "жалған куәлік беру" айыбы бойынша жауапқа тарту қарастырылып жатыр.

Өткен айда Нұра аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы үш қызметкері Николай Синявиннің өзін азаптау шағымы бойынша «алдын ала келісім бойынша топ болып адам заптады" деген айыппен үш жылға сотталған. Үш полицей кейін үкімге шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG