Accessibility links

Саакашвили үкіметті жемқорлықпен шынайы күресуге шақырды


Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили әуежайдағы жаңа терминал құрылысымен танысуға келді. Одесса, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили әуежайдағы жаңа терминал құрылысымен танысуға келді. Одесса, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Украинаның Одесса облысының басшысы, Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили ел үкіметін «коррупция мен бюрократиялық тосқауылдарға қарсы шынайы күресті бастауға және Украинаға қажетті реформаларды жүргізуге кедергі келтірмеуге» шақырған.

«Мемлекеттік кәсіпорындар қарапайым украиналықтарға емес, олигархтарға пайда әкеліп жатыр» деген Саакашвили жұма күні интернетте жарияланған видеоүндеуінде.

Бұған дейін Украина үкіметінің жетекшісі Арсений Яценюк брифингтегі сөзінде Одесса облысы губернаторына «жалған айыптарға жүгіну жөн еместігін ескерткен» деп жазады УНН. Премьер мұны «украин үкіметі олигархтар бақылауында отыр» деген Саакашвилидің сөзіне жауап ретінде айтқан.

Жұма күні Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында Михаил Саакашвили биліктегі коррупциямен күресу қажеттігі, контрабанда мәселесі туралы айтты. Саакашвилиден Украинадағы өзінің саяси қызметінің болағашы туралы тілші қойған сұраққа «барлық варианттардың басы ашық» деп жауап берген.

Бейсенбі күні Украина президенті Петр Порошенконың ресми сайтындағы қоғамдық бастамаларға арналған бөлімде елдің премьер-министрі қызметіне Михаил Саакашвилиді тағайындауға шақырған петиция жарияланған.

XS
SM
MD
LG