Accessibility links

Алматыда екінші «Кітапфест» фестивалі өтті


Екінші «Кітапфест» фестиваліне келгендер кітап алмасу бұрышында. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Екінші «Кітапфест» фестиваліне келгендер кітап алмасу бұрышында. Алматы, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Алматыда «Кітапфест» республикалық кітап фестивалі екінші рет ұйымдастырылып өткізілді. Шараның мақсаты – қазақстандық авторлардың жаңа туындыларын таныстырумен бірге балалар мен ересектердің кітапқа қызығушылығын арттыру.

Бір күндік фестиваль бағдарламасы кітап жәрмеңкесі, жаңа кітаптарды таныстыру, жазушылардың шеберлік дәрістері мен семинарлары, әдеби конкурстар мен викториналардан тұрады.

«Кітапфест» ұсынған кітаптардың арасында, мысалы, Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті шығарған «Тамаша адамдар өмірі» қазақстандық сериясын атауға болады. Онда университетте еңбек еткен немесе әлі де істеп жүрген танымал академиктер мен профессорлар (Михаил Есенәлиев, Сұлтан Сартаев, Марат Барманқұлов, т.б.), сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың биографиялары бар.

«Кітапфест» аясында балаларға арналған көптеген шаралар ұйымдастырылды. Көңілашар бағдарламасынан бөлек «50 озық балалар кітабы» көрмесі, Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы ұйымдастырған букроссинг өтті.

Кітап фестиваліне қазақстандық ақын-жазушылар, тарихшылар, саясаттанушылар мен интернет-блогерлердің кейбірі қатысты. Көпшілікке таныстырылған кітаптардың арасында «Қазақстанды өзгерткен сөздер» жинағы (Шыңғысханнан Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі қайраткерлердің таңдаулы сөздері), Дмитрий Шишкиннің «Көтеріліс» («Восстание») романы болды.

Кітап фестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр Ғылым академиясының алдында өткен шара биыл қалалық орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылды.

XS
SM
MD
LG