Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда тойда оқ тиіп екі адам өлген


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысында тойда атылған қару оғынан екі әйел мерт болып, бір ер адам мен екі бала жараланып ауруханаға түскен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлаған.

Полиция ақпараты бойынша, жұма күні түс кезінде Сайрам ауданындағы Манкент ауылында үйлену тойына жиналғандардың бірі той өтіп жатқан үйге жас жұбайлар келген кезде қарудан оқ атқан. Соның салдарынан ауыр жараланған 23 және 26 жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде қайтыс болған. Оқ тиіп жараланған 30 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған екі бала да ауруханаға жатқызылған.

Бұл оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға орнынан қашып кетіп, арада біраз уақыт өткенде өз еркімен полицияға келген сол ауылдың тұрғыны 19 жастағы күдікті жігіт қамауға алынып, айғақ зат ретінде 12-калбирлі қосауыз мылтық тәркіленгені хабарланды.

XS
SM
MD
LG