Accessibility links

Тұтқын Радован Караджичке ота жасалған


Радован Караджич халықаралық сотта отыр. Гаага, 7 қазан 2014 жыл.

Радован Караджич халықаралық сотта отыр. Гаага, 7 қазан 2014 жыл.

БҰҰ жанындағы халықаралық әскери трибунал ісін қарап жатқан Босния сербтерінің бұрынғы көсемі Радован Караджичтің бауырына операция жасалып, өтін алып тастаған. Бұл туралы халықаралық трибунал қыркүйектің 4-і күні жариялаған ақпаратта тұқында отырған Караджичке операция тамыздың 27-і күні голландиялық ауруханада жасалғаны айтылған.

Науқастың бауырын тексерген дәрігерлер оның өті қабынып кеткенін анықтаған.

70 жастағы Радован Караджич бұрынғы Югославия құрамындағы Сербия президенті болып тұрған кезде, 1992-1995 жылдары Боснияда ондаған мың адамның көзін жоюға, соның ішінде Сребренницадағы босниялық мұсылмандарды қырғынға ұшыратқан қылмысқа қатысы бар деген айыппен халықаралық сотқа тартылған. Ұзақ жылдар бойы халықаралық соттан қашып жүрген Караджич 2008 жылы жазда Белград қаласында ұсталып, халықаралық сотқа тапсырылған.

Сот кезінде Караджич өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Оның ісі бойынша сот үкімі әлі шыққан жоқ. Прокурорлар Радован Караджичті өмір бойы түрме жазасына кесуді сұраған.

XS
SM
MD
LG