Accessibility links

АИ-92 маркалы бензин литрінің бағасы 128-130 теңгені құрады


Астанадағы жанармай бекетіндегі баға. 4 қыркүйек 2015 жыл.

Астанадағы жанармай бекетіндегі баға. 4 қыркүйек 2015 жыл.

Алматыдағы жанармай бекеттерінде бүгін АИ-92 маркалы бензиннің литрі 128 теңге болып тұр. Кеше түнде Астана қаласында осы маркалы бензин бағасы да 128-130-ға дейін өскен.

Атырауда да АИ-92 маркалы бензинді сол шамадағы бағамен сатып жатыр. Жергілікті мұнай өңдеу зауыты ішінара жөндеуге жабылған.

Жұма күні Қазақстан үкіметі АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин бағасын еркіне жіберу туралы шешімін жариялаған еді. Энергетика министрі Владимир Школьник АИ-92/93 маркалы бензин бағасының нақты қаншаға қымбаттайтынын ешкім білмейтінін, бірақ бір литрі үшін 142-143 теңге болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Сол күні кешкісін Астана мен Алматыдағы жанар-жағармай бекеттерінде көлік кезегі пайда болып, бағаның өсе бастағаны байқалды.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі бөлшек саудада сатылатын жанармай бағасының шектік мөлшерін белгілеп келген. Үкімет соңғы рет мамыр айында АИ-92/93 маркалы бензиннің бір литрінің бағасын 108 теңге, дизель отыны – 99 теңге, АИ-80 маркалы бензині – 89 теңге деп бекіткен.

4 қыркүйекте Алматы мен Астанадағы бензин бағасы:

XS
SM
MD
LG