Accessibility links

АҚШ пен Сауд Арабиясы басшылары кездесті


АҚШ президенті Барак Обамы (оң жақта) және Сауд Арабиясы королі Салман. Вашингтон, 4 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обамы (оң жақта) және Сауд Арабиясы королі Салман. Вашингтон, 4 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Вашингтонда Сауд Арабиясының королі Салманмен кездесті. Оның барысында Ақ үй басшысы королді алты мемлекет пен Иран арасында жасалған келісім Тегеранның қолында ядролық қару пайда болмайтынына септесетінін айтқан.

Кездесуден кейін Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр Эр-Рияд Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді жүзеге асыру Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке оң ықпал етеді деп сенетіні туралы мәлімдеген. Министрдің сөзінше, президент Обама аталған келісімнің Иранның ядролық қару жасауына мүмкіндік бермейтінін, келісімде Иранның барлық ядролық нысандарын тексеру жүйесі жасалғанын және егер Тегеран келісім талаптарын орындамаса, онда санкциялар қайтадан күшіне енетінін айтқан.

Өз кезегінде король Салман президент Обаманы Сауд Арабиясы гуманитарлық көмекті Йеменнің шектеусіз алуын қамтамасыз ететіндігіне сендірген. Бұған дейін Йеменде көтеріліс бастаған, Иранға арқа сүйейтін хуситтерге қарсы Сауд Арабиясының жетекшілігімен әскери әуе операцияларын жүргізіп жатқан халықаралық коалицияға қолдау білдіргені үшін Ақ үйдің атына халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар сын айтқан еді. Коалицияның әуе шабуылдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар көп. Теңізден де қоршауға алынған Йеменде күнделікті тұтынатын тауарлар мен дәрі-дәрмек тапшы.

«Йемендегі ахуал бізді де алаңдатады және ол елде гуманитарлық жағдайды жақсартуға қабілетті өкілетті үкіметтің қызметін қалпына келтіру қажет деп санаймыз» деп мәлімдеген Барак Обама.

XS
SM
MD
LG