Accessibility links

Керри мен Лавров Сириядағы жағдайды талқылаған


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) Шығыс Азия елдері саммитінде. Куала-Лумпур, 6 тамыз 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) Шығыс Азия елдері саммитінде. Куала-Лумпур, 6 тамыз 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонмен әңгімеде, Ресейдің Сириядағы әскери белсенділігі туралы ақпараттарға байланысты Вашингтонның алаңдаушылығын жеткізген.

«Мемлекеттік хатшы егер Сириядан келіп жатқан ақпараттар рас болса, онда жанжал шиеленісіп, соңы жазықсыз құрбандар мен босқындардың көбейіне апарып соғатынын, сонымен бірге, «Ислам мемлекеті» тобына қарсы коалициямен тайталасқа ұласу қаупі барын айқын түсіндірді» делінген мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

Керри мен Лавров Сириядағы жағдайды талқылауды осы айдың соңында Нью-Йоркте жалғастыруға келіскен.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Керри мен Лавровтың сенбі күнгі телефон арқылы келіссөздері АҚШ жағының бастамасы бойынша өткен.

Бұған дейін The New York Times газеті Сирияда ресейлік кеңесшілердің бұрынғыдан көбейгені және Ресейдің өзге де іс-әрекетін аңғартатын жайттар Ақ үйдің "Ресей Башар Асад үкіметіне белсенді қолдау танытуға көше ме" деген алаңдаушылығын туғызғанын жазған еді.

XS
SM
MD
LG