Accessibility links

Оңтүстік Кореяда теңіздегі апаттан он адам өлген


Балық аулайтын шағын кеме. (Көрнекі сурет)

Балық аулайтын шағын кеме. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяда теңізде балық аулайтын шағын кеме апатқа ұшырап, салдарынан кемінде 10 адам опат болған. Тағы бірнеше адам табылмай жатыр.

Құтқарушылар апатқа ұшыраған кемеде болғандардың тек үшеуін судан алып шыққан. Олар жедел ауруханаға жөнелтілген. Қайықта барлығы қанша адам болғаны әзірше белгісіз.

Сенбі күні кешке байланыс үзіліп қалған балықшылар кемесін жағалаудағы күзет қызметінің өкілдері бүгін таңертең Чуджадо аралына жақын маңда теңізде байқаған.

Құтқарылғандардың бірінің айтуынша, кеме қатты толқыннан аударылып қалған.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе қоғамдық қауіпсіздік министріне жоғалған адамдарды іздеп табу үшін «қолдан келгеннің бәрін жасауды» тапсырған.

XS
SM
MD
LG