Accessibility links

Душанбеде ірі сауда орындары жабылды


Душанбедегі сауда базарларының бірі. Көрнекі сурет.
Душанбедегі сауда базарларының бірі. Көрнекі сурет.

Тәжікстан астанасы Душанбеде бүгін "Корвон", "Саховат", "Султони Кабир", "Шохмансур" базарлары және "Панжшер" мен "Ганджина" сауда орталықтары жабылған. Билік бұл шешімге байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бірақ, кейбір ақпарат бойынша, жабылған базарлар елде 9 қыркүйек күні тәуелсіздік мейрамы атап өтілген соң қайтадан жұмысын жалғастырмақ деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі.

Тәжікстанның шығысында елдің қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал Абдухалим Назарзода мен оның серіктеріне қарсы операция жалғасып жатыр. Арнайы операция барысында күш құрылымдарының 9 өкілі қаза тауып, алтауы жараланғаны, сонымен бірге, Назарзоданы жақтайтын 13 адам оққа ұшып, 32 адам қолға түскені туралы бұған дейін хабарланған.

Қыркүйектің 4-і күні таңертең Душанбе мен Вахдат қаласында жасалған қарулы шабуыл салдарынан 9 милиция қызметкері мерт болған еді.

Тәжікстан билігі бұл шабуылдарға генерал Абдухалим Назарзоданы айыптап отыр. Жұма күні президент Эмомали Рахмон Назарзоданы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқан.

XS
SM
MD
LG