Accessibility links

Австралия Сирия мен Ирак босқандарын қабылдамақ


Гевгелия қаласында тамақ алуға кезекте тұрған босқындар. Македония, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Гевгелия қаласында тамақ алуға кезекте тұрған босқындар. Македония, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Австралия премьер-министрі Тони Эббот бүгін өз елі Сирия мен Ирактан босқындарды қабылдайтыны және гуманитарлық операциялар атқаруға қаржылай жәрдемді ұлғайтатыны туралы мәлімдеді. Эбботтың мұндай шешімді австралиялық белді саясаткерлердің қысымымен қабылдап отырғаны айтылады.

Австралия премьер-министрі өз мәлімдемесінде нақты сандарды атаған жоқ, тек Таяу Шығыстағы босқындар лагерлерінде тұрып жатқан және қудалауға түскен азшылық өкілдері басты назарда болатынын мәлімдеген.

Тони Эббот сонымен бірге Таяу Шығыстың бұл аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін айтқан. Жақын арада Австралия Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы күресіп жатқан халықаралық коалицияға қосылу туралы шешім қабылдауы тиіс.

Эбботтың мәлімдемесі Еуропада миграциялық дағдарыс өршіп тұрған кезде жасалды. Кеше Австрия мен Германия мыңдаған босқынды қабылдады. Басым көпшілігі Сириядан бассауғалаған босқындар бұдан бірнеше күн бұрын Балкан асып Венгрияға барған еді.

2014 жылдың шілдесінен 2015 жылдың маусымына дейін Австралия әлемнің әр елінен 13750 босқынды қабылдаған. Олардың 4400-і – Сирия мен Ирактан қашып барғандар.

2018 жылға дейін Австралиядағы босқындар саны 18750 адамға жетуі мүмкін деген жорамал бар.

XS
SM
MD
LG