Accessibility links

Шығыс Украинада сепаратистер үкімет әскерін атқылаған


Авдеевка жанындағы бақылау бекетіндегі украиналық әскерилер. Донецк аймағы, 22 тамыз 2014 жыл.

Авдеевка жанындағы бақылау бекетіндегі украиналық әскерилер. Донецк аймағы, 22 тамыз 2014 жыл.

Шығыс Украинада өткен тәулікте сепаратистер оқ атпау туралы келісім шартын 14 рет бұзған деп хабарлады Донбастағы арнайы операциялар баспасөз орталығы.

Ақпаратта сенбі күні сепаратистер Авдеевка, Марьинка және Зайцево елдімекендерінде украиналық әскерилер позицияларын атқылағаны айтылған. Жексенбіге қараған түні Луганскіде үкімет әскерінің бекінісіне оқ жаудырған.

Украина қауіпсіздік қызметі Артемовск-Лисичанск автокөлік жолы бойындағы тоғайлы алқаптан табылған жасырын қоймадан үлкен көлемде қару-жарақ, оқ-дәрі шыққанын, солардың арасында танкіні жоюға арналған басқарылатын екі зымыран, танкіге қарсы 40 дана реактивтік гранат, қол гранаталары, әртүрлі калибрлі оқтар, оқ-дәрі және тротил шашкілері табылғанын хабарлады.

Сенбі күні Украина президенті Петр Порошенко Донбаста атысты тоқтату туралы Минскіде келісім жасалғалы бері бітім шарттары алғаш рет өткен аптада сақталғаны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG