Accessibility links

Қазақстан сырт алаңда Исландиямен тең түсті


Қазақстан футбол құрамасы.

Қазақстан футбол құрамасы.

Еуро-2016 турниріне іріктеу сынында Қазақстан құрамасы Исландиямен тең түсті. Рейкьявикте өткен кездесуде қақпаға доп соғылған жоқ. Осы матчтан кейін Исландия 19 ұпай иеленіп, А тобынан Францияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Бұл топтағы келесі матчта сырт алаңда Латвияны 3:1 есебімен жеңген Чехия құрамасы 19 ұпаймен Еуропа біріншілігіне лицензия иеленді.

Топтағы үшінші орын үшін Түркия (12 ұпай) мен Голландия (10 ұпай) таласады.

Ал іріктеу сынында екі ұпай иеленген Қазақстан 10 қазанда Астанада Голландияны қабылдайды. 13 қазанда Латвиямен сырт алаңда ойнайды.

2016 жылғы Еуропа чемпионаты Францияда өтеді

XS
SM
MD
LG