Accessibility links

Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды


Әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішев.
Әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішев.

Қазақстандық белгілі әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев 89 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Бұл мәліметті бүгін ғалым соңғы уақытта қызмет жасаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетіндегі әріптестері растады.

Тұрсынбек Кәкішев 1950 жылы ҚазМУ-ды бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор міндетін атқарған.

1952–58 Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің тарихы институтының ғылыми қызметкері, 1960–68 Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.

1978–86 жылдары ҚазМУ филология факультетінің деканы болған.

XS
SM
MD
LG