Accessibility links

Кишиневте шерушілер палатка құрды


Кишиневтегі шерушілер. Молдова, 6 қыркүйек 2015.

Кишиневтегі шерушілер. Молдова, 6 қыркүйек 2015.

Молдова астанасы Кишиневте биліктегі коррупцияға қарсы шеруге шыққандар қала орталығында палатка құрып, талаптары орындалмайынша тарамайтындарын мәлімдеді.

Шеруге шығушылар ел президенті Николай Тимофтидің отставкаға кетуін, елдегі үш коммерциялық банктен қамтамасыз етілмеген несиелер ретінде алынған миллиард еуроны қайтаруды, ұлттық банк, бас прокуратура, коррупциямен күрес комитеті, жоғарғы сот палатасы жетекшілерін отставкаға жіберуді, мемлекеттік институттарды реформалауды, сонымен бірге елде сөз бостандығын қамтамасыз етуді талап етіп жатыр.

Шараны ұйымдастырушы «Ар-намыс және әділеттілік» қозғалысының өкілдері Ұлы Ұлттық жиналыс алаңында өтіп жатқан наразылық шеруіне 6 қыркүйекте 100 мыңға жуық адам шыққанын, кейін тағы ондаған мың адам қосылғанын мәлімдеді.

Ал полицияның мәлімдеуінше, шеруге 60 мыңға жуық адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG