Accessibility links

Астанада ТМД-ның ТЖ жөніндегі жиыны өтіп жатыр


Астана қаласы. (Көрнекі сурет)

Астана қаласы. (Көрнекі сурет)

Астанада ТМД-ның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр.

Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан қатысып жатыр. Жиында мемлекетаралық кеңеске Қазақстанның төрағалық ететіні белгілі болды.

Отырыста ТМД күштері корпусының жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында кадрларды даярлау және оқыту, ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

XS
SM
MD
LG