Accessibility links

Прокуратура: Валютаны бақылау күшейеді


Бас прокуратура, Астана. (Көрнекі сурет)

Бас прокуратура, Астана. (Көрнекі сурет)

Бас прокуратура "капиталдың сыртқа заңсыз шығып кетуін болдырмау" мақсатында банктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстарын жасап жатқанын хабарлады.

Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, екінші деңгейлі банктер, Ұлттық банк пен мемлекеттік кіріс органдары арасында ақпарат алмасу капиталдың шетелге заңсыз асуының алдын алу және валюталық бақылауды күшейту үшін жүргізілмек. Прокуратура ақпарат алмасу сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша ақша мен тауар айналымын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді дейді.

Биыл ақпан айында әлемдегі екінші ірі банк саналатын HSBC банкінің Швейцария бөлімшесіндегі құпия құжаттар жарияланып кетіп, халықаралық жанжал туып, көптеген құпия есеп-шот иелерінің аты-жөндері белгілі болған. Жанжалдың негізгі аргументі – «банк клиенттерінің салықтан жалтаруына көмектескен» деген болжам. «Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумының» хабарлауынша, Швейцария банкінен Қазақстанмен байланысы бар 82 клиенттің 251 құпия есеп-шоты табылған. Әлгі есеп-шоттарда жүздеген миллион доллар жатқаны анықталған.

XS
SM
MD
LG