Accessibility links

Назарбаев бензиннің қымбаттауына пікір білдірді


Астанадағы жанармай құю стансасындағы бензин бағасы. (Көрнекі сурет)

Астанадағы жанармай құю стансасындағы бензин бағасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына сапары кезінде журналистерге бензин бағасының қымбаттауына қатысты өз ойын айтты.

"Бұл - экономика заңдары, оған қарсы ештеңе істей алмайсың, жағдайды теңестіру қажет. Біз ортақ экономикалық кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді" деді Назарбаев.

4 қыркүйек күні Қазақстан үкіметі АИ-92/93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартып, еркіне қоя берген. Бұдан соң жанармай бекеттерінде бензиннің аталған маркасының бір литрінің бағасы 108 теңгеден 128-130 теңгеге дейін қымбаттап кеткен.

Назарбаев "АИ-92/95 бензинінің 30 пайызын Қазақстан Ресейден сатып алады. Егер үкімет бензин бағасын ретттеуден бас тартпаса бір айдан кейін елде бензин мүлде болмайтын еді" деді.

XS
SM
MD
LG