Accessibility links

АҚШ Путиннің жақын серігіне виза бермеді


Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили.

Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили.

Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили АҚШ өзіне 7 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласында басталатын күрестен әлем чемпионатына баруға виза беруден бас тартқанын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің жақын серігі, Халықаралық күрес қауымдастығының вице-президенті Мамиашвилидің айтуынша, АҚШ билігі визадан не себепті бас тартқанының себебін айтпаған.

Ресей күрес федерациясының вице-президенті Георгий Брюсов мәлімдемесінде виза беруден бас тартудың астарында "саяси мүдде" барын айтты.

Украинада грузин отбасында туған Мамиашвили бұған дейін күреске қатысты халықаралық дауға ұрынған. 2004 жылғы жазғы олимпиада ойындарында Халықаралық күрес қауымдастығының басқарма мүшесі Пелле Свенсон Мамиашвилиді ресейлік спортшы шыққан ақтық белдесуде төрешіге ыммен белгілер берді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG