Accessibility links

Олланд Украина келіссөзін өткізуді ұсынды


Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд осы айдың соңына қарай Украина шығысындағы жағдайға қатысты Германия, Украина және Ресей президенттерінің саммитін өткізуді ұсынды.

Бүгін журналистермен кездесуінде Олланд саммитті Парижде, 28 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының ашылуына дейін өткізуге болатынын айтты.

"Украина шығысында бейбіт келісімді сақтауда соңғы апталарда ілгерілеушілік байқалды. Барлық жерде қақтығысты тоқтату режимі сақталды" деді Олланд.

Украина шығысында 2014 жылдың сәуірінде үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасында басталған қақтығыстан 6 мың 500-ден астам адам құрбан болған.

Биыл ақпанда Минскіде Германия, Франция, Украина және Ресей арасында Донбаста қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалған. Келісім жиі бұзылып, екі жақ оқ атты деп бір-бірін айыптап келген. Бірақ Украина президенті Петр Порошенке 5 қыркүйекте келісім жасалғалы бері Донбаста алғаш рет бір апта бойы оқ атылмағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG