Accessibility links

Пәкістан алғашқы пилотсыз ұшағынан шабуыл жасады


Пәкістан билігі өкілдері мен әскерилер отандық алғашқы ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен танысып тұр. 18 желтоқсан 2013 жыл.

Пәкістан билігі өкілдері мен әскерилер отандық алғашқы ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен танысып тұр. 18 желтоқсан 2013 жыл.

Пәкістан әскерилері бүгін отандық ұшқышсыз басқарылатын аппараттың содырларға қарсы бірінші рет әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді. Пәкістан қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Асим Баджва бүгін Twitter-де "Burraq маркалы аппараттан жасалған шабуылдан үш содырдың көзі жойылғанын" жазды. Исламабад алғаш наурыз айында аппараттан лазермен басқарылатын зымырандар арқылы қозғалып бара жатқан және бір орындағы нысандарға дәл соққы берілгенін айтып, сынақтан сәтті өткенін хабарлаған.

Өткен жылдың шілде айында Исламабад Солтүстік Вазиристан провинциясындағы Шавал шатқалында "Талибан" жасақтары мен олардың серіктеріне қарсы кең ауқымды операциялар бастаған. Қазір бұл шатқалға журналистер жете алмайтындықтан әскерилердің содырларға қарсы операцияларына қатысты туралы тәуелсіз ақпарат алу мүмкін болмай тұр.

Пәкістанда әскерилер содырларға қарсы соққы жасауда көбінесе АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарын пайдаланатын.

XS
SM
MD
LG