Accessibility links

Меркель: Мигранттар Германияны өзгертеді


Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Германияға келіп жатқан мигранттар алдағы жылдары елді "басып алып, өзгертетінін" мәлімдеді. Ол бұл туралы өткен бір аптада Германияға шамамен 20 мыңға таяу мигрант кіргеннен кейін айтты.

Меркельдің басқарушы коалициясы Германияға келіп жатқан мигранттар мәселесін реттеу үшін 6 миллиард еуро бөлуге келіскен.

Бірақ сонда да болса Меркель "босқындарды әр елге әділ, тең түрде бөлу қажетін" айтты.

Ал Франция президенті Франсуа Олланд Еуропа комиссиясы Еуропа Одағы елдеріне жиыны 120 мың босқынды бөліп орналастыру жоспарын жариялауға дайындалып жатқанын, ол бойынша Франция 24 мың босқынды қабылдауы тиіс болатынын хабарлады.

Бірақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан "Біз Еуропаның сыртқы шекарасын қорғай алмай жатқанымызда қанша адам қабылдай алатынымызды талқылаудың өзі артық" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG