Accessibility links

НАТО бас хатшысы қыркүйекте Украинаға бармақ


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Вильнюс, Литва, 3 қыркүйек 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Вильнюс, Литва, 3 қыркүйек 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг қыркүйектің соңына қарай бірінші рет ресми сапармен Украинаға бармақ. Бұл туралы бүгін Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Брюссельде Столтенбергпен кездескеннен соң мәлімдеді. Климкин НАТО бас хатшысының нақты қай күні келетіні сапар басталар алдында хабарланатынын айтты.

Ол бұған қоса Киев Украина мен НАТО қарым-қатынасын нығайту үшін Столтенберг сапарын "барынша пайдаланатынын" айтты. Климкиннің сөзінше, Столтенбергке сапар барысында Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу туралы ұсыныс жасалған.

"Біз бірнеше стратегиялық құжатты, оның ішінде әскери доктринаны бекітеміз" деген Климкин мұның Украинада НАТО өкілдігін ашуына жол салатынын жеткізді.

Украина шығысындағы сепаратистерді қолдайтын Ресей Киевтің НАТО-мен жақын қарым-қатынас орнатуына ашық қарсы.

XS
SM
MD
LG