Accessibility links

Франция Сирияға әуеден барлау жасамақ


Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Франция 8 қыркүйектен бастап Сирияда әуеден барлау жүргізіп, кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына қарсы әуеден шабуыл жасайды деп мәлімдеді бүгін осы ел президенті Франсуа Олланд.

Париждегі резиденциясында өткен баспасөз жиынында Олланд Сириядағы содырлардың бірнеше елде, оның Францияда террорлық шабуылдар жасауды "жоспарлағанын" айтты.

Олландтың сөзінше, әуеден барлау жасау Францияның ИМ-ге қарсы әуе шабуылын жоспарлауына мүмкіндік береді.

2014 жылы қыркүйекте Франция АҚШ бастаған коалицияға қосылып, Ирактағы ИМ содырларына қарсы әуе шабуылын жасаған.

XS
SM
MD
LG