Accessibility links

Медициналық сақтандыру туралы заң жобасын таныстырды


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бүгін парламентте "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заң жобасын таныстырды. Заңда 2016 жылы Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру қарастырылған.

Жобада азаматтарға "мемлекеттің кепіл беруі" негізінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы медициналық көмек беру жоспарланған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс берушілердің жұмысшының жалақысының белгілі бір пайызын аударуы негізінде құралады.

Заң жобасы бойынша, жұмысшылар жалақысынан ұсталатын ақша 2019 жылы жалақының бір пайызын, 2020 жылы екі пайызын құрамақ. Ал жұмыс берушілер аударатын қаржы көлемі 2020 жылы жұмысшы жалақысы көлемінің бес пайызын құрамақ. "Өзін-өзі қамтамасыз ететін" тап - жеке кәсіпкерлер, жеке меншік нотариустер, жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын азаматтар үшін қорға аударатын қаржы жеті пайызға дейін жетуі мүмкін.

Заң жобасында міндетті медициналық сақтандыру қорына ақша аударудан әскерилер, полицейлер, мемлекеттік орган қызметкерлері мен мемлекеттік награда иегерлері сияқты 15 түрлі санаттағы азаматтардың босатылатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG