Accessibility links

Ауғанстанда әуе шабуылынан 11 полицей қаза тапты


Жергілікті тұрғынды тексеріп жатқан ауғандық полицей, Гильменд уәлаяты. (Көрнекі сурет)

Жергілікті тұрғынды тексеріп жатқан ауғандық полицей, Гильменд уәлаяты. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан билігі өкілдері елдің оңтүстігіндегі шабуыл жиі жасалатын Гильменд уәлаятында әуе шабуылынан 11 полицей қаза тапқанын хабарлады.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің аты-жөнін атамаған өкілінің айтуынша, әуе шабуылын 6 қыркүйекте НАТО күштері жасаған. Бірақ альянс 6 қыркүйекте Гильменд уәлаятында ешқандай әуе шабуылын жасамағанын мәлімдеді.

Министрлік өкілінің айтуынша, әуе шабуылы есірткі тасымалдаушыларды ұстау операциясы жүріп жатқанда жасалған. Министрліктің есірткімен күрес департаментінің төрт офицері де жараланған.

Ауғанстан - әлемде георин жасалатын апиын ең көп өндіретін ел.

XS
SM
MD
LG