Accessibility links

Балуан Қартықов - ӘЧ қола жүлдегері


Әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков (көк формада). АҚШ, Лас-Вегас, 8 қыркүйек 2015 жыл. (Сурет Қазақстан күрес федерациясынан алынды).
Әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков (көк формада). АҚШ, Лас-Вегас, 8 қыркүйек 2015 жыл. (Сурет Қазақстан күрес федерациясынан алынды).

Қазақстандық балуан Досжан Қартықов (грек-рим күресі) Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

75 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Қартықов алдымен украиналық Дмитрий Пышковты (4:2), молдовалық Игор Бисляганы (6:0), олимпиада және әлем чемпионы оңтүстіккореялық Хен Ву Кимды (4:2) жеңді. Ал ширек финалда Лондон олимпиадасының чемпионы ресейлік Роман Власовтан жеңілді.

Ол қола медальға таласта 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакяннан (5:2), әзербайжандық Эльвин Мурсалимовтан (1:0) басым түсті.

Қартықов қола медальмен бірге 2016 жылғы олимпиада ойындарына жолдама да алды.

Әлем чемпионаты 12 қыркүйекте аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан жиырмадан астам балуан қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG