Accessibility links

Орал-Ақтөбе пойызының қозғалысы қалпына келтірілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Орал-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

7 қыркүйекте Орал-Желаево теміржолының 1032 километріндегі теміржол төсемінің айналасындағы аумағы 1 гектер ағаш отырғызатын аумақ өртенген. Өрт салдарынан шамамен 2 километр теміржол төсемінің шпалын зақымданып, Орал-Ақтөбе жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтап қалған еді.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт сөндіруге 21 адам мен 3 техника жұмылдырылған. Қаза болған мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG