Accessibility links

Шымкентте бірнеше жүк вагоны рельстен шығып кетті


Аударылған вагондар. Шымкент. 8 қыркүйек, 2015 жыл. Сурет Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды.
Аударылған вагондар. Шымкент. 8 қыркүйек, 2015 жыл. Сурет Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды.

Бүгін таңғы сағат 04.05-де Шымкент маңында маневр тепловозы мен төрт вагон теміржолдан шығып кетті деп хабарлады Азаттық тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Нұрлан Темірбаев.

Департамент маманының айтуынша, төтенше оқиға Шымкент қаласындағы «Стандарт цемент» кәсіпорнының теміржол тұйығында болған. Маневр тепловозы мен бір көмір тиелген және үш бос вагон теміржолдан шығып кеткен.

«Зардап шеккендер жоқ. Теміржолдан шығып кеткен вагондар жолаушылар пойызының қозғалысына кедергі келтірген жоқ» деді Нұрлан Темірбаев.

Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 12 қызметкері мен үш техникасы, "Қазақстан темір жолы" компаниясы жөндеу-қалпына келтіру бригадасынан 20 адам және «Стандарт цемент» кәсіпорны өкілдері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG